Индер аудандық кітапханасында бард ақын Табылды Досымовқа арналған "Табыл - әдеби өмір айдынында" атты әдеби кеш өтті. Кеште ақынның жалынды жырлары мен әсем әндері орындалды.
Кеш жеңімпазы, Табылды әндерін насихаттаушылардың бірі Бақтыгереев Алтынбек.
Индер аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде ұйымдастырылған Табылды Досымовқа арналған кітап көрмелері
3 қазан күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қазақтың тұңғыш бард ақыны, әнші, композитор Табылды Досымовтың 50 жасқа толуына арналған "Қайда сол, КазГУ-городок, Алматы қайда, мен қайда?" атты еске алу кеші өтті.
Индер ауданы, Елтай және Ынтымақ ауылы кітапханашыларының ұйымдастыруымен Табылды Досымовтың ақындық өнерін насихаттайтын кеш өткізілді
Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор қалашығында өткен
Еркін күрес спортының ардагері, Мәдениет қайраткері, қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовты еске алуға арналған еркін күрестен І Республикалық турнир
Табылды Досымовтың туған жері Индербор қалашығында өткен "Қыран ғұмыр, өлмес жыр" атты ақынды еске алу кеші
2011 жылы сәуірде Ақтөбе қаласында өткен Табылды Досымовты еске алу кеші
Индер аудандық мұражайында ақын туралы бұрыш жасақталды
Комментариев нет:
Отправить комментарий